Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі28 қыркүйек 2021өнер

ТҰҢҒЫШ РЕТ «ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ӨНЕР» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Шәкәрім университетінің Гуманитарлық-экономика факультеті, «Өнер және музыка» кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеден өткеніне 90 жыл толуына орай тұңғыш рет «Шәкәрім және өнер» атты ән байқауы өтті.

Бұл байқаудың мақсаты: қазақ халқының ұлы перзенті Шәкәрім Құдайбердіұлының әндерін насихаттау, ақын өлеңдерін жатқа оқи білу, өмірін үлгі ету, сонымен қатар жастарды адамгершілікке, білімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Алғы сөз Гуманитарлық-экономика факультетінің деканы Б.Бодауоваға берілді. Бақтыгүл Қабидоллақызы осындай іс-шараның қаламызда алғаш рет ұйымдастырылып отырғандығын айта кетіп, келешекте қалалық, облыстық және республикалық көлемде жалғасын табар игі шара екенін айтты.

Байқау шымылдығын Республикалық байқаулардың лауреаты, «Музыка және өнер» кафедрасының оқытушысы Қ.Қабышев Ш.Құдайбердіұлының «Жиырма үш жасымда» әнімен ашты.

Байқау 3 кезеңнен тұрды. Әр кезеңнің өзіндік талаптары болды. Іс шара барысында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі баяндалып, әндері орындалды.