Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 маусым 2025шәкәрім университеті

Университет өкілдері мансап орталықтарының форумына қатысты

11-12 маусым күндері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қаржы орталығының ұйымдастыруымен Республикалық мансап орталықтарының «Серпін» бағдарламасы бойынша семинар-форумы өтті.

 

 

Форум мақсаты: мемлекеттік білім беру тапсырысы (соның ішінде «Серпін» жобасы) бойынша оқыған түлектердің грантты міндетті өтеу мәселелеріне тиімді тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу; заңнаманы іске асырудың тәжірибелік тетіктерін талқылау, жоғары оқу орындарының (әсіресе педагогикалық бағыттағы) тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, жас мамандарды қолдау және жұмысқа орналастыру саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

 

 

Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, ҚР ЖОО Мансап орталықтарының басшылары мен қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП ШҚО филиалы, «Серпінді қолдау» өңірлік офисінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар және Шәкәрім университетінен Мансап және практика бөлімінің маманы Саида Омарбаева мен Физика-математика ғылымдары жоғары мектебі деканының орынбасары Ақсәуле Тлеубаева  қатысты.

 

 

Семинар-форум барысында білім грантын өтеуге байланысты туындайтын түйткілдер мен оны шешудің нақты тетіктері  қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді жұмыс үлгілерін ортаға салды.

 

 

Форум жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі нәтижелі өтті.   

 

 

Екі күнге созылған іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.