Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 маусым 2025shakarim university

Университеттегі аккредиттеу – кемелдікке қадам!

2025 жылдың 2-4 маусымы аралығында Шәкәрім университетінде мамандандырылған аккредиттеу аясында (11 ББ) «ARQA» Білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау тобы жұмыс істеуде.

 

Сапар барысында сарапшылар тобы білім беру үдерісіне қатысушылармен сұхбат жүргізіп, құжаттамаларды сараптап, университеттің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасымен танысады.

 

Сыртқы сараптама тобының құрамы:

1. Мырзагалиева Анар Базаровна – сараптама тобының жетекшісі;

2. Шваков Евгений Евгеньевич – шетелдік сарапшы;

3. Абылайхан Салтанат Мұратханқызы - 6В01101, 7М01101 Педагогика және психология ББ сарапшысы;

4. Радченко Наталья Николаевна – 6В03102 Психология, 7М01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ББ сарапшысы;

5. Рүстемова Анар Айдарбекқызы – 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті ББ сарапшысы;

6. Жамбаева Жанар Абинсериковна – 7М01705 Орыс тілі мен әдебиеті ББ сарапшысы;

7. Чидунчи Ирина Юрьевна – 6В05102 Биотехнология; 6В05201 Экология ББ сарапшысы;

8. Үсенова Ляля Маулуткановна – 6В05201 Ветеринариялық медицина; 7М09102 Ветеринариялық санитария ББ сарапшысы

9. Ибишев Өмірбай Шарбекұлы – сарапшы;

10. Серікқазынов Олжас Бауыржанұлы – сарапшы-қызметкер;

11. Тоқтарқызы Зарина – студент-сарапшы;

12.Наби Ысқақ Айтқұлұлы – ARQA өкілі.

 

Бұл сыртқы бағалау университеттің сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге және үздік тәжірибелермен алмасуға зор мүмкіндік береді.