Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 наурыз 2025кәсіптік бағдар

ВЛАДИСЛАВ АВТОМЕХАНИК БОЛАДЫ. БҰЛ – НАҚТЫ ШЕШІМ!

Әзірге тоғызыншы сыныпта оқитын  Владислав Бондарев әкесіне машиналарды жөндеуге көмектесіп жүр. Бородулиха ауылында оны техникаға қызығушылықпен қарайтын, осыған қатысты орынды сұрақтар қойып,  ақылмен жұмыс істей білетін, қолынан іс келетін жас шебер ретінде таниды.

 

Ол Семейде осы бағытқа маманданған колледжді таңдады. Бұл дегеніміз – оның жолы саналы түрде таңдалғаны. Жас шебердің оқып, білімін тереңдетуді, қазіргі заманғы технологияларды меңгеруді, болашақта өз саласында сұранысқа ие маман болуды мақсат еткені.

 

Және бұл Shakarim Higher College болмаса да, біз мектеп оқушыларының өз жолын табуына көмектесетін кәсіптік бағдар беру жұмысының нәтижесіне қуаныштымыз. Маңыздысы оқу орнының атауы емес, оның болашақта білім, дағды мен келешекке деген сенімділік беретіндігінде.

 

Таңдауыңыз – дұрыс, жолыңыз – сәтті, ал мамандығыңыз сұранысқа ие болсын!

 

Шәкәрім Жоғары колледжіне түсу туралы қосымша ақпаратты  төмендегі телефон арқылы +7 708 207 45 05 немесе Shakarim University сайтынан білуге болады