Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 мамыр 2025инновация жәрмеңкесі

Емдеу үшін оқу: МҰНДА БОЛАШАҚ МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАЙДЫ

INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY

Нақты өсу. Негізгі қиындықтар. Нағыз адам болу

 

Innovate Shakarim University форумы — өңір болашағын студенттердің үнімен жеткізген іс-шара. Мұнда қандай мамандықтар сұранысқа ие болып отырғанын, мемлекет қандай бағыттарға басымдық беретінін және туған жерді түлетуге үлес қосу үшін осы жерден жырақтамау — артқа шегіну емес, керісінше, саналы таңдау екенін анық байқауға болады.

 

«Ветеринария» мамандығының 2 курс студенті Ксения Супермина бұл жайында былай дейді:

«Жануарларды жақсы көру — жай ғана ермек емес. Бұл — күн сайынғы  шынайы еңбек. Егер сен жануарларды шынымен жақсы көрсең, жай ғана бақылап отырумен шектелмей,  оларға көмектесе алуың керек».

 

Ксенияның айтуынша, бүгінде ветеринария мен орман шаруашылығы сияқты нақты сұранысы бар мамандықтарға мемлекеттік гранттар көбірек бөлінуде. Бұл өңір қажеттілігіне көңіл бөлінуін көрсетеді.

 

«Біздің оқытушылар — бұрын өңірімізде ғана емес, еліміз  бойынша ерекше беделге ие болған Зоотехникалық-малдәрігерлік институттың түлектері, тәжірибелі мамандар. Олар дәріс оқумен шектелмейді, оқуға деген ынтаны оятады,  тәжірибесімен бөліседі. Ең бастысы — бізде барлығы тәжірибеге негізделген. Үй жануарларына арналған клиникаларға барамыз, ірі қара мал өсіретін шаруашылық та бар. Мал дәрігерлік мамандықты тәжірибе жүргізіп көрмей  меңгеру мүмкін емес. Ал бізде бәрі бар!»

 

Сұхбатқа Ксенияның курстасы Адема Манапова араласты:

«Бізде керемет зертханалар, заманауи құрал-жабдықтар, тәжірибелі мамандар бар. Біздің мамандығымыз әрқашан сұранысқа ие болды және солай болып қала береді. Жануарлар әлемін қорғау — қоршаған ортаны қорғау».

 

Міне, өзгерісті өзгеден күтпейтін, білім алатын, әрекет ететін және қазірдің өзінде жауапкершілікті мойнына алуға дайын жастар — Shakarim University студенттері.