Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 мамыр 2025aesculap

Жабайы жануарға жанашырлық: Shakarim University мамандары көмекке келді

28 мамыр күні КТК телеарнасының өңірлік тілшісі Shakarim University баспасөз қызметіне Семей-Павлодар тасжолынан жаралы сілеусіннің табылғаны туралы хабармен жүгінді. Бұл жабайы жануарды  жол жиегінен тауып алған жолаушы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Жаңасемей филиалының Подгородний орманшылығына   жеткізген. Жағдайы ауыр аңға  көмек көрсету қажеттігін ойлаған орманшылар  қаладағы бірқатар арнайы клиникаларға жүгінген, алайда барлық ветеринарлық мекемелер жануардың жабайы болуына байланысты ем жасаудан бас тартқан.

 

 

Осы кезде іске Shakarim University-дің Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің деканы Нұргүл Есенғұлова араласты. Ол орман шаруашылығы қызметкерлерімен дереу хабарласып, жануарға көмек көрсету бойынша нақты әрекеттер жасалды. Орман шаруашылығының қызметкерлері Shakarim University-дің жанында Aesculap ветеринарлық клиникасы бар екенін білмеген көрінеді. Университет клиникасының мамандары қауіпсіз жағдай жасай отырып,  сілеусінді клиникаға өздері жеткізген.

 

 

29 мамыр күні таңертең Нұргүл Есенғұлова жануардың жай-күйін былай түсіндірді:

«28 мамырда орман шаруашылығы қызметкерлерімен байланысқа шықтық. Олар тауып алған сілеусінді кафедраға алып келіп, толық тексеру жүргіздік. Алғашқы диагностика кезінде ауыр жарақаттар, сүйектерінің сынуы тіркелді. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты сілеусінге алғашқы көмек ұзақ уақыт көрсетілмеген. Оның жағдайын ескере отырып, жан-жақты диагностикалау мен арнайы ем жүргізу қажет деген шешім қабылданды. Мұндай күрделі ем-шараларды жабайы жыртқыштарды қабылдайтын, заманауи құрылғылармен жабдықталған ветеринарлық клиника ғана жүзеге асыра алады. Сондықтан Өскемен қаласындағы клиникамен келіссөз жүргізіліп, ондағы мамандар сілеусінді қабылдауға, операция жасап, оңалту шараларын жүргізуге дайын екендіктерін білдірді».

 

Кәсібилік пен өңіраралық әріптестік

Shakarim University ветеринария кафедрасының кәсібилігі ерекше назар аударарлық. Қысқа уақыт ішінде кафедраның аға оқытушысы Ольга Зайковскаяның жетекшілігімен ветеринарлық бригада құрылып, қажетті құжаттар мен тасымалдау логистикасы ұйымдастырылды. Өскемендегі клиникамен орнаған сенімді байланыс пен ынтымақтастық арқасында сілеусін қауіпсіз түрде жеткізіліп, күрделі операция мен оңалту шаралары жүзеге асырылатын болды. Аталған клиника жабайы жануарларды ұстауға қажетті барлық жағдайлармен, соның ішінде қауіпсіздік тосқауылдарымен жабдықталған.

 

Бірлескен жауапкершілік: университет, қоғам және табиғат

Жараланған сілеусін оқиғасы ғылым, азаматтық қоғам және табиғатты қорғау құрылымдарының шұғыл жағдайда қалай біріге алатынын көрсетті.  Shakarim University-дің оқытушылары мен клиницистерінің белсенділігі, БАҚ өкілдерінің бастамасы, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жылдам әрекеті және еріктілердің шынайы қолдауы – барлығы жануар өмірін сақтап қалу жолындағы біртұтас күшке айналды. Бұл жағдайда университет тек білім ордасы ретінде емес, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін гуманистік орталық реінде әрекет етті. Мұнда білім, жанашырлық пен нақты іс-әрекет бірлесіп, нәтижеге қол жетіп отыр.

 

Shakarim University Aesculap клиникасында жүргізілген алғашқы тексеру сәті мен ветеринарлар берген сұхбатты мына сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?si=fITOVuQGp7c4iNhV&v=A-rKseOvOfM&feature=youtu.be

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,

Өнерсіз,
Болады ақыл тұл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы