Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 мамыр 2022студенты, музей

«ЖӘДІГЕР ЖЕРДЕ ҚАЛМАСЫН» АКЦИЯСЫ

«SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» тақырыбында ұйымдастырылған форум аясында «Жәдігер жерде қалмасын» акциясы өткізілді. Акция барысында университет оқытушыларының заттарынан ұйымдастырылған уақытша көрме жасақталды.
Акцияның негізгі мақсаты: Абай өңірінің ежелгі тарихы бойынша, халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын қолөнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар,қыл қалам туындылары, тұрмыстық бұйымдар және өзге ұлт өкілдерінің ұлттық, тұрмыстық заттарын, сирек кітаптарды жинақтау арқылы өлкеміздің өткені мен бүгінінің куәсін келешек ұрпаққа жеткізу.
Көрме барысында Абай еліне белгілі Қайса Рақымбердіұлының (Есболат, Оразбай ұрпағы) былғары әмияны мен Қайса Рақымбердіұлы әйелі Әбдірахманқызы Жаңылдың жасауымен келген қайыңнан жасалған астау көпшілік қауымға ұсынылды. Сондай-ақ Шәкәрім қажы бабаның «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасының көшірмесі көрсетілді.
Бүгінгі жаңалық ертеңгі тарих, өткен күнде тұтынған бұйым сол заманның шежіресіне айналатынын бүгін біз ұмытсақ ертең ұрпақ бізді ұмытуы мүмкін, сондықтан осы қағиданы ұстана отырып, көрме қонақтарын музейге жәдігер жинауға өз үлестерін қосуға шақырамын,- деді Инженерлік-технологиялық факультетінің декан орынбасары Айгүл Бауыржанова.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы