Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 ақпан 2025географиялық ақпараттық жүйе

ЖАС ҒАЛЫМДАР ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ БАСТАПҚЫ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

«Алакөлдің табиғи-тарихи-мәдени ландшафттық әлеуетін кешенді зерттеу және өңірде рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу» бағдарламасы аясында Shakarim University Жасанды интеллект және құрылыс жоғары мектебінің «Құрылыс және геодезия» кафедрасының аға оқытушылары: Гүлнұр Сейтқазина, Құралай Байбосинова, Зарина Бексұлтанова геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) жасаушы америкалық «Esri» компаниясы ұйымдастырған «ArcGIS: ГАЖ-да жұмыс істеу негіздері»  бастапқы курсын сәтті аяқтады.

 

 

16 сағаттық курс барысында тыңдаушылар кеңістіктік деректерді тиімді талдау, карталар жасау және ғылыми зерттеулерге қажетті деректерді визуализациялауда географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қолданудың негіздерін үйренді.

 

 

Жас ғалымдар игерген жаңа білім мен дағдыларын Алакөлдің табиғи және мәдени ландшафтық әлеуетін кешенді зерттеу, өңірдегі рекреациялық туризмді дамытудың тетіктерін әзірлеу бағыттарында жұмыстар жүргізуде  тиімді қолдана алады.

 

 

«Құрылыс және геодезия» кафедра оқытушылары ғылыми және академиялық бағыттарда «ArcGIS Pro» бағдарламасын қолдануды толық игеру мақсатында білімдерін  одан әрі  жетілдіруді  наурыз айына жоспарлап отыр.