Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 ақпан 2025жас ғалым

ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖЕТІСТІГІ

Ветеринария және ауылшаруашылығы зерттеу мектебіндегі бірқатар әріптестеріміз табанды еңбектерінің жемісін көріп, үлкен жетістікке жетіп отыр.

 

 

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап докторлық диссертацияларын табысты қорғап шыққан бес жас ғалым – М. Жақиянова (Ветеринария), Ж. Байғазақова (Орман ресурстары және орман шаруашылығы), Г. Қамзина (Агрономия), А.Төкенова (Агрономия), Д. Зайнеттинова (Ветеринария) – бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өз салалары бойынша PhD философия докторы дәрежесіндегі дипломдарын салтанатты түрде алды.

 

 

 

Бұл жетістік – олардың ұзақ уақыт бойғы тынымсыз еңбегі мен ғылымға деген адалдығының, сүйіспеншілігінің нәтижесі. Әрқайсысы өз саласында маңызды зерттеулер жүргізіп, ауыл шаруашылығы мен ветеринария ғылымына елеулі үлес қосты.

Айта кетерлігі, университетіміз жастарды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта айтарлықтай оң өзгерістерге қол жеткізіп отыр. Егер 2022 жылы факультетімізде небәрі 1 PhD маман қызмет атқарса, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш еселеп өсіп, бүгінде зерттеу мектебінде 11 PhD ғалым жемісті еңбек етуде. Бұл – университетіміздің ғылым мен білім сапасын арттыруға деген тұрақты ұмтылысының айқын дәлелі. Жастарымыздың табысты қадамдарына қарап, ел ғылымының  болашағы жарқын болатынына сеніміміз кәміл.

 

 

Білім мен ғылым көшін алға жылжытып, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға мол үлес қосып жүрген жас ғалымдарымызды философия докторы дәрежесін алған жетістіктерімен құттықтай отырып, ғылымның жаңа биіктерін бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!