Minor

      Қосымша білім беру бағдарламасы / Minor - қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында оқу үшін білім алушы анықтаған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.
      Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдау мен игеру тәртібі аралас және бейіндік ББ бойынша қосымша құзыреттерді алу, сондай-ақ білім алушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады. Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша таңдалатын пәндердің көлемін ЖОО дербес анықтайды. Бұл ретте, қосымша ББ пәндерін білім алушылар ЖК және ТК пәндері шеңберінде зерделейді және олардың көлемі негізгі ББ бойынша тиісті дәрежені немесе біліктілікті беруге қажетті академиялық кредиттердің жалпы көлеміне кіреді (Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы ҚР БжҒМ 12.10.2018 ж. №563 бұйрығы).
      Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде бакалавриат деңгейіндегі білім алушылары үшін төртінші семестрдің соңында Minor білім беру бағдарламаларының тізімі ұсынылады. Әрбір білім алушы қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында оқу үшін бір Minor таңдауға мүмкіндігі бар.
 
Minor қосымша білім беру бағдарлмасы туралы не білуіңіз керек:
  • бакалавриаттың 5, 6 және 7 семестрінде;
  • жүйелі түрде оқитын үш пәннен тұрады;
  • 15 кредит еңбек сыйымдылығы (әр пәннің еңбек сыйымдылығы-5 кредит);
  • Minor пәндері үшін кредиттер негізгі бағдарламаның 240 кредитіне кіреді /Major;
  • әр білім беру бағдарламасының студенті жалпы тізімнен өз бетінше таңдайды.
 
Бакалавриат студенттеріне арналған Minor каталогы:
 
 
 
Еңбексыйымдылығы: 15 кредит
Тыңдаушылардың ең аз саны: 15
Тыңдаушылардың ең көп саны: 80
Білім беру