Minor «Тіл және коммуникация»

Қазіргі таңда тіл зерттеу нысаны ретінде де, байланыс құралы ретінде де қарастырылады. Ультразаманауи қоғамның жаңа шарттары шет тілі мамандарын даярлау жөніндегі міндеттерді түбегейлі өзгертті. Жаңа адамзат қоғамдастығына тек мұғалімдер мен аудармашылар ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандар, халықаралық және мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы сарапшылар қажет, бұл тек тілді білумен шектелмейді. Шет тілін білу дегеніміз  бастапқы және мақсатты мәдениеттердің әлеуметтік-мәдени, этномәдени, лингвомәдениеттанулық, геосаяси аспектілерін терең зерттеу ұғымын да білдіреді.

 

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Кәсіби және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын жеткілікті деңгейде жетілдіру.

 

Сөйлеу және тілдік нормалар жүйесін сауатты пайдалана отырып және дұрыс қарым-қатынас ережесін таңдай отырып, тіл арқылы жазбаша және ауызша қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті, кәсіби контексте басқа мәдениеттердің серіктестерімен ынтымақтастық жасауды жүзеге асыра алу қабілеті қалыптасады.

1. Коммуникативтік жағдаяттарға сай шет тілінде ойлауды қалыптастырады және ойды білдіру тәсілдерін біледі.

2. Коммуникативтік жағдаяттарды түсінеді және жағдаяттарға сай шет тілінде сөйлесімде алуантүрлі коммуникативтік айтылымдарды сәтті қолдана алады.

3. Кәсіби қызмет саласындағы міндеттерді шешу үшін академикалық жазу дағдыларын толық меңгереді.

 

 

Minor курстары

Сипаттамасы

  1.  

Шетелдік қарым-қатынас тәжірибесі

Курс студенттерге барлық күтпеген коммуникативті жағдайларға икемді жауап беруге, нақты тілдік лексикалық және грамматикалық құралдарды дәл таңдауға, шет тілінде сөйлейтіндерге тән сөйлеу техникасын түсінуге және меңгеруге мүмкіндік беретін шет тілін білу деңгейіне жетуге бағытталған.

       2.

Іскерлік  корреспонденция

Курс қазіргі қоғам үшін өзекті болып табылады және студенттерді іскерлік хат алмасу нормаларымен, ақпаратты жүйелеу мен дұрыс қолданумен, іскерлік сөйлеу этикетінің негізгі ережелері мен нормаларымен таныстыруды көздейді. Курс студенттерге шетелдік серіктестермен ауызша және жазбаша түрде іскерлік әңгіме жүргізудің заманауи принциптерімен танысуға мүмкіндік береді. Курс құжаттармен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды және зерттеу жұмыстарын жүргізуді қарастырады.

       3.

Шет тіліндегі елдердің географиясы мен мәдениеті

Курстың мазмұны шеттілді елдер туралы тұтас түсінік беруді көздейді және саяси мәдениеттің негіздері, демократияның дамуының негізгі тенденциялары, мемлекеттің конституциялық негіздері, шет тілді елдердің мәдени дәстүрлері туралы білімді қалыптастырады. Пәнді оқу барысында студент оқу процесінде және (немесе) кәсіби қызметте ана тілінде сөйлеушілермен қарым -қатынасты адекватты түрде жүзеге асыру үшін, сондай -ақ белгілі бір мәселелерді шешу үшін қажет мәдени, саяси, әлеуметтік және басқа да аспектілер туралы толық білімді алады.
Білім беру