Minor «Адам құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қамтамасыз ету»

Қазіргі уақытта барлық маманды дайындауда құқықтық білім алудың маңыздылығы артып келеді. Осыған байланысты, бұл бағдарлама барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға құқық жне оны қорғауды қамтамасыз етудің тәсілдері туралы қосымша мағлұматтар алуға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаны зерделеу нәтижесінде білім алушы құқық түрлері, оны қамтамасыз ету және қорғау тәсілдері, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және азаматтық-құқықтық шарттың мазмұны мен оның элементтері туралы білім мен түсінік алады.

 

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Құқық, оны қамтамасыз ету және қорғау тәсілдері туралы қосымша білім мен дағдылар алу

  • құқық субъектілерінің заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету қабілеті
  •  ҚР заңнамасына дәл сәйкестікте шешім қабылдау және заңды іс-әрекеттер жасау қабілеті.
  •  фактілер мен жағдайларды заңды түрде дұрыс анықтау мүмкіндігі
  •   құқықтық құжаттарды дайындау дағдыларын меңгеру;

Құқық деген не екенін біледі, құқықтардың түрлері мен мазмұнын ерекшелейді, құқықтарды қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін біледі, кәсіпорында құқықтық деректерді сұрыптауды ұйымдастыруға қабілетті, бұзылған құқықты қорғау және қалпына келтіру тәсілдері мен әдістері туралы түсінікке ие, азаматтық-құқықтық шарттың мазмұны мен элементтерін түсінеді және ҚР заңнамасының талаптары мен кәсіпорынның нормаларына сәйкес шартты түзете алады.

 

 

Minor курстары

Сипаттамасы

1.

Адам құқықтарын қорғау

«Адам құқықтарын қорғау» курсы білім алушыларды барлық мамандықтар бойынша оқыту жүйесіндегі арнайы курс болып табылады. Білім алушыларды адам құқықтарын қорғау, құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың әдістері мен тәсілдерін анықтау сияқты мәселелермен таныстыру. Білім алушыларды  құқықтарды қорғаудың азаматтық, қылмыстық және азаматтық-құқықтық тәсілдер жүйесімен таныстыру. Қорғаудың құқықтық аспектілерді түсіндіру. Құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың субъектілері мен дереккөздері туралы түсінікке ие болу. Құқықтар мен бостандықтарды қорғау тәсілдері мен әдістерін өз бетінше таңдау дағдыларын дамыту.

2.

Құқықтық іс жүргізу

Кез-келген құжатты жасау үшін құжаттардың әр түрін білуді, құқықтық ережелермен белгіленген ақпаратты жазудың белгілі бір ережелерін сақтауды талап етеді.Осы ережелерді сақтау жасалған құжаттарға заңды күшін береді. Заңды күш - ресми құжаттың оған қолданыстағы заңмен, оны шығарған органның құзыретімен және оны ресімдеудің белгіленген тәртібімен хабарланатын қасиеті болады.Құжаттың заңдық күші құжаттардың әрбір түрі үшін белгіленген деректемелер кешенімен – құжатты ресімдеудің міндетті элементтерімен (атауы, құжаттың авторы, адресат, қолы, күні, құжаттың нөмірі, бекіту грифі, мөрі және т.б.) қамтамасыз етіледі. Ұйымдастырушылық-өкімдік (әкімшілік) құжаттаманы ресімдеуге қойылатын қазіргі заманғы талаптар мемлекеттік стандарттарда белгіленген.

3.

Шарттық құқық

Бүкіл қоғам жұмысының ең маңызды талабы –келісім бойынша жұмыс істеу болып табылады. Шарт категориясында қоғамның осы түрінің маңызды ерекшеліктеріне байланысты осы қоғам субъектілерінің қарым-қатынас ережелеріне қатысты заңдылықтар, сондай-ақ адамның табиғи құқықтарына сәйкес келетін талаптар көрсетілген. Шарт-экономикадағы құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің бірі, экономика мен қоғамды демократияландыру құралы. Білім алушылар кез-келген салада болашақ маманға қажетті білім, білік және дағды алу мүмкіндігіне ие болады, атап айтқанда:

- шарттық қатынастарды құқықтық реттеу;

- жекелеген, жаңа аталмаған шарттардың құқықтық сипатын белгілеу;

- шарттарды жасасу, өзгерту және тоқтату тәртібін регламенттеу;

- шарттық құқықтық қатынастар субъектілерінің жауапкершілігін реттеу.

 

Білім беру