Minor «Журналистика»

Жаңа медиа – бұл мазмұны цифрландырылған және интернетте ұсынылуы мүмкін дәстүрлі медианың барлық түрлерін қамтиды. Сондықтан да қазіргі кезде «жаңа медиа» түсінігінің басқа жалпы синонимдері медиа өнімнің цифрлық түрде тікелей интернетте  көрсетілуіне байланысты «онлайн медиа» және «желілік медиа» терминдері ретінде қолданылады. Журналистиканың дәстүрлі және жаңа түрлерінің негізгі сипаттамаларын білу мен меңгеру, техникалық және технологиялық негіздерін қарастыру заман талабы.

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Журналистиканың дәстүрлі және жаңа түрлерінің негізгі сипаттамаларын беру, уақыт пен сапалық жағынан дәстүрлі және жаңа медианы игеру, журналистиканың әр түрінің мазмұнын, техникалық және технологиялық негіздерін қарастыру.

 

  • Дәстүрлі және жаңа медианың технологиялық сипаттамаларын біледі;
  • ақпараттарды мәтіндік және көрнекі көрсетуді тиімді түрде біріктіретін өз өнімдерін жасайды;
  • зерттеу нысанына сәйкес  медиа мазмұнының ерекшелігін көрсететін визуалданған материалдар жасай алады.

 

  • Журналистиканың дәстүрлі және жаңа түрлерінің негізгі сипаттамаларын игереді
  • Дәстүрлі және жаңа медиа түрлерін уақыт пен сапалық жағынан жүйелі түрде сипаттауға дағдыланады
  • Журналистиканың әр түрінің салыстырмалы сипаттамасында жүйелі білімді қолдана алады

 

 

 

Minor курстары

Сипаттамасы

1

Фотожурналистика

Фотожурналистика  – фотосуреттегі  негізгі ойды білдіру құралы ретінде қолданатын журналистиканың саласы. Объективтілік – журналистің оқиғаны бүкпесіз, шынайы түсіруі.  Фотожурналистика жанрлары. Фотосуреттер тарихы. Фотоаппаратың құрылысы мен түрлері. Фототүсірілім  режимдері. Жарық. Композиция. Фоторепортердің кәсіби әдебі, ережелері.  Фотосуреттерді өңдеу. Фотоаппараттарды қалай таңдау керек? Сандық фотоаппаратты күтімде ұстау. Фотосуретке сәтті түсу тәсілдері.  Фотоға сәтті түсіру.

2

Визуальді журналистика

Визуальді журналистика ұғымы. Ақпаратты берудің визуальді формалары. Ақпаратты бейнелеу жолдары.  Ақпараттарды тарату, қабылдау.  түрлендіру, сақтау. Ақпарат: мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер. Ақпарат: жарық немесе дыбыс сигналдары. Визуальді журналистика түрлері. Визуальді медиа.   Инфографика – хабарды, ақпаратты, білімді графикалық тәсілдер арқылы ұсыну. Инфографика – бұл ақпаратты визуалды түрде ұсыну. Мультимедиялық   формалар. Әртүрлі типті мәліметтерді  дайындау.

3

Әлеуметтік желілер және журналистика

Әлеуметтік желілер мен журналистиканың өзара әрекеттесуі. Әлеуметтік желілерді ақпараттық процестің әртүрлі кезеңдерінде пайдалану мүмкіндігі. Әлеуметтік желілерді журналистік тәжірибеде қолданудың этикалық аспектілері. Журналистік тәжірибеде әлеуметтік желілерді пайдаланудың құқықтық аспектілері. Әлеуметтік желілер қызметі: мүмкіндіктер мен қауіптер.

Білім беру