Қымбатты талапкер!

   Сізге өз болашағыңызға жоспар құрып, мақсаттар қойып, жаныңызға жағатын, қабілетіңізге сай мамандық таңдау уақыты келді...

   Ғасырға жуық тарихы бар Шәкәрім университеті - еліміздің солтүстік-шығысындағы алғашқы жоғары оқу орны болумен қатар, білім мен ғылымның, өнер мен өркениеттің қара шаңырағы, әрі бәсекеге қабілетті, қоғамға қажетті кадр даярлаудың ұстаханасы. Сіздің таңдауыңыз бізге түссе, сұранысқа ие білікті маман, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген кемел тұлға болып қалыптасатыныңызға кепілдік береміз.   

   Шәкәрім университетінің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық әлеуеті жоғары, білім ордасы еліміздегі және алыс-жақын шетелдердегі ЖОО-мен, ғылыми-мәдени орталықтармен тығыз әріптестік байланыс орнатқан.  Білім алушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған, студенттік өмірдің мазмұнды да қызықты болуына түрлі ұйымдар, үйірмелер қызмет етеді.

   Жарқын келешегіңіздің кепілі болатын мамандық таңдау мәселесінде дұрыс таңдау жасайды деген сеніммен

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР БАУЫРЖАН ЕРДЕМБЕКОВ