Рахымбердиева Айнур Валерьевна

Орталық жетекшісі

Байланыс

+7(777)227-09-85
Абай облысы, Семей қ., Глинки көш., 20 «А»
Кабинет: 406
coo@shakarim.kz

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы


Негізгі қызмет түрлері:

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы - «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ оқу процесін ұйымдастыру департаментінің құрылымдық бөлімшесі.

Орталықтың басты мақсаты – білім алушыларға сапалы қызмет көрсету, оның ішінде онлайн режимінде, бір терезе қағидаты бойынша уақытылы
және тиімді қызмет көрсету үшін жағдай жасау.
Берілген міндеттерді шешу үшін Орталық келесі функцияларды
орындайды:
- Білім алушылардың оқуын растау туралы ЗТМО-ға анықтама беру үшін университеттің электрондық құжат айналымы жүйесінде өтінім
қабылдау;
- Алатын стипендияның мөлшерін немесе болмауын,оқу құнын растау туралы талап ету орны бойынша анықтамаларды ұсыну үшін
университеттің электрондық құжат айналымы жүйесінде өтінімдер қабылдау;
- Бағыттар бойынша құжат қозғалысын және айналымын өңдеу;
- «Платонус» ААЖ-да білім алушылар контингентінің қозғалысын есепке алу, тіркеу, талдау;
- Академиялық топтар бойынша білім алушылардың жеке істерін қалыптастыруды ұйымдастыру;
- Білім алушылардың оқудан шығуы салдарынан пайда болған бос гранттар бойынша бос ваканттық орындарын жариялау;
- Басқа жоғары оқу орындарынан, басқа мамандыққа ауысуды ұйымдастыру және білім алушыларды қайта қабылдау;
- Білім алушылармен (ауыстырылған / қайта қабылданған) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттарды ресімдеу;
- Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу және брондау;
- Шетелдік білім алушыларды, тыңдаушыларды, қонақтарды тіркеуді ресімдеу;
- Шетелдік білім алушылар, тыңдаушылар, қызметкерлер үшін оқу, жұмыс визаларын ресімдеу;
- Университет жатақханасында тұратын білім алушыларды, қызметкерлерді ХҚКО-да тұрақты, уақытша тіркеуді ресімдеу;
- Контингент және оқу процесі бойынша бұйрық жобаларын дайындау.


Қызметкерлер
  • Джунусова Данара Сейтказыевна
    Маман

  • Уркунбаева Орынгуль Сатыбалдиновна
    Жетекші маман

  • Куспекова Жаннур Болатбековна
    Маман

  • Мукатаева Алмагуль Калкамановна
    Жетекші маман

  • Кенжеғалиева Арайлым Әлиқызы
    Маман

  • Дәулетбек Гүлфайруз Айдосқызы
    Маман