Аты-жөні
Калиева Алина Кайратовна
Байланыс телефоны
+7(708)276-37-75
Электрондық адрес
alinaqalieva@mail.ru
Туған күні
2003-03-31
Мамандық
Физика
Қалаған лауазымы
Білім беру мекемелерінде физика пәні мұғалімі.

Білімі

Орта: 2009-2020 жылдар аралығында Семей қаласында №34 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте білім алдым. 2020-шы жылы «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атандым.

Жоғары: 2020-2024 жылдары Абай облысы, "Семей қаласының КеАҚ Шәкәрім университетінде" 6B01504 физика мұғалімдерін даярлау мамандығында тәлім алдым.


Кәсіби дағдылар

Сабақ өткізу барысында коммуникативті, ұйымдастырушылық, сандық дағдылар жете қалыптасқан. Оқушылармен оңай тіл табысып, әңгімеге тарта отыра, ішкі жан дүниесіне жол таба, мәселенің неден туындағанын шешу жұмыстарына мән беремін. Мұғалімнің бойындағы жұмыстарға икемделу, тиімді жұмыс жасау қағидаларын игеру, алуан түрлі рөлдерге бейімделу, әлеуметтік ортада түрлі идеаларға ашық болу, нәтижеге жұмыс жасау дағдыларым тәжірибемде анық байқалды. Оқушылармен жұмыс жасау барысында жаңашыл технологияларды қолдануға жете мән беремін. Әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдау арқылы сабақты танымды өткізу жұмыстарын атқарамын. АКТ бойынша "Microsoft office", "Microsoft Excel", "Power Point" бағдарламаларымен жұмыс жасаймын.


Кәсіби тәжірибе

2020-2021 жылдары Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің " Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" қабырғасынды педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибеден өттім. Қорытынды баға:95

2020-2021 жылдары "IQ Parasat" білім беру орталығында физика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ілеуге дайындау бойынша жұмыс атқардым.

2021-2022 оқу жылында Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Қ.Сәтбаев атындағы №2 ЖОББМ" ордасында 5 апталық тәжірибені үздік тәмамдадым.

2022-2023 жылдары Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің " №3 ЖОББМ" Қабырғасында 5 апталық педагогикалық тәжірибеден өттім. Үздік аяқтап, қорытынды баға көрсеткіші 95-ті құрады.

2023-2024 оқу кезеңінде өндірістік тәжірибемді Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің " № 7 мектеп-лицейінде" атқардым. 15 апталық тәжірибе, 3 жарым ай көлемінде физика пәнінен сабақ жүргізіп, сынып жетекшілік рөлін атқардым.


Жеке қасиеттер

Өмірдегі ұстанымым: адал еңбек етіп, қоршаған ортаңа қандай да болсын игі іс жасап, пайдамды тигізу. Тал бесіктен бойыма дарыған қасиеттерге: cабырлылық, бастаған жұмысқа деген жауапкершілік, сенімділік, ұқыптылық, білімге деген жоғары талапты мысал ретінде келтіре аламын. Елдіктің ертеңі- болашақ ұрпақтың кемел дамуы, білімі мен әдебі берік қаланған азамат болып бой түзеуі, және сол тұрғыда ұстаз өз мойнына үлкен жүкті арқалауға төзімі де, талабы да, машығы да жетерлік болуы басты шарт. Бұл құндылықтардың бойымда табылуына сенім белдіремін. Жаңаны білу, тану жаныма жақын. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кездің өзінде (музыка, би,қолөнер) үйірмелеріне қатысып, біліммен қатар осы машықтарға көңіл аудардым, сол кездегі бойдағы алғырлық әлі күнге дейін өз нәтижесін беруде. Мектептегі жоғары талап, 11 жыл бойы үздік оқуға, әр пәнге деген сүйіспеншілікті қалыптастырды. Жоғары оқу орнында білім ала отыра, IQ Parasat қосымша даярлық орталығында 1 жыл көлемінде жұмыс жасауым, ұстаздық талап пен оқушылармен қарым-қатынас деңгейін арттырды. Оқудан тыс уақытта кітап оқуға, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға бейім жандардың қатарынанмын. Осы уақытқа дейін қазақтың төл өнерін дәріптеп, биік шыңға көтерген ұлы ақын-жазушыларымыздың бірқатар роман-повестерін оқып, өмірлік үлгі өнеге алдым. Өткенді бүгінмен байланыстыру арқылы, келешек қалыптасатынына сенімім мол. Келешек бүгіннен бастау алады!


Тілдерді білуі

Қазақ, орыс тілдерін меңгеру көрсеткішім-жетік. Ағылшын тілі Intermediate деңгейінде, сөйлеу дағдылары қалыптасқан.