Бос орындар
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық
емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орынға конкурс жариялайды:
Ішкі аудит қызметінің басшысы -1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- экономика, қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және кредит салаларындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, құқықтану саласында мүмкіндігінше қосымша білімі бар;
- аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс өтілі - кемінде бес жыл;
- басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі өтілі - кемінде екі жыл;
- Қазақстан Республикасының, оның ішінде аудиторлық қызмет, Бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін білу;
- мынадай куәліктердің немесе сертификаттардың бірінің міндетті түрде болуы: қосымша арнайы даярлығы, атап айтқанда «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «Аудитор», «Мемлекеттік аудитор» біліктілік куәлігінің, CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификатының және/немесе ACCA (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтерінің сертификатының және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтер сертификатының және/немесе DipIFR (Diplomain International) дипломының болуы, және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтерінің сертификатын және/немесе dipPIA (Diplomain Proffessional Internal Auditor) дипломы болғаны жөн;
- шет тілдерін білгені жөн.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
- жиырма бес жасқа толмағандар;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;
- өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;
- арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрғандар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
- бекітілген үлгідегі өтініш;
- конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
- 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суреті бар бекітілген үлгідегі конкурсқа қатысушының қызмет тізімі;
- білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынуы керек);
- жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
- №075 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби – консультациялық қорытынды);
- мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде берілген есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде берілген есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- қылмыстық заңнамаға сәйкес, қызметке орналасуға тыйым салынбағандығын растайтын құжат.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар конкурсқа қатысушылар 6,7 және 8–тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он күн) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-ның Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет. Абай облысы, Семей қ. Глинки көшесі, 20 А, каб. 307, қызмет. тел.: 8 (7222) 31-31-72, ұялы тел.: 87079931301
- Виртуалды тур
- Университет туралы
- Университет тарихы
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Корпоративтік басқару
- ЖОО басшылары
- Шығыс аймақтық жоғары оқу орындары ректорлар кеңесі
- Ғылыми кеңес
- Наградалар
- Құжаттар
- Ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі
- Кәсіподақ ұйымы
- Ардагерлер ұйымы
- Жемқорлықсыз университет
- Мемлекеттік сатып алулар
- Байланыс және деректемелер
- «Шәкәрім шапағаты» қоғамдық қоры
- Бос орындар
- Университет құрылымы
- Shakarim High School
- Қабылдау кестесі