"Қаржы орталығы" АҚ өкілімен ақпарттық сессия
Құрметті мемлекеттік білім беру грантының иегері – бітіруші курс білім алушылары!
Сіздер үшін маңызды жаңалық!
2025 жылдың 11 желтоқсанында, сағат 16:00-де Қаржы орталығы АҚ өкілдерінің қатысуымен арнайы ақпараттық сессия өтеді.
Сессия барысында:
Грант негізінде оқыған білім алушылар мен магистранттардың мемлекеттік қаржыны жұмыспен өтеу тәртібі;
Жұмыс орнына жолдама беру, бөліну үдерісі;
Ереже, талаптар, шарттар және өзекті мәселелер талқыланады.
Бұл сессия – аяқталғаннан кейінгі маңызды қадамдарды түсініп, өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс жоспарлауға көмектесетін құнды іс-шара.
Шараға мемлекеттік грантпен оқып жатқан бітіруші курс білім алушылары, магистранттар және докторанттар шақырылады.
Ақпараттық сессия онлайн форматта Microsoft Teams платформасында ұйымдастырылады.