Minor «Инвестициялық сауаттылық және жеке қаржыны басқару»
Бұл курс заманауи қаржы құралдарын, жеке және инвестициялық қаражатты басқару стратегияларын, цифрлық қаржылық сервистерді және капиталды қорғау тәсілдерін терең деңгейде меңгеруге бағытталған. Бағдарлама практикалық дағдылар мен талдамалық әдістерді біріктіріп, экономикалық жағдай өзгермелі болған кезде дұрыс қаржылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мақсаты | Қалыптасатын негізгі құзіреттер | Оқыту нәтижелері |
Студенттердің жеке қаржы, инвестициялар және цифрлық қаржылық технологиялар саласындағы жоғары деңгейлі құзыреттерін қалыптастыру, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді тиімді басқаруға және ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін заманауи құралдарды қолдануға үйрету. |
| 1. Қаржы құралдарының тәуекелі мен табыстылығын талдай алады. 2. Ұзақ мерзімді қаржылық жоспар жасай алады 3. Қаржыны басқару үшін цифрлық платформалар мен финтех сервистерін қолдана алады. |
№ | Minor курстары | Сипаттамасы |
1 | Жеке қаржыны басқарудың кеңейтілген курсы | Осы пәні студенттерге жеке және отбасылық қаржыны тиімді басқару бойынша терең білім мен практикалық дағдылар қалыптастыруға бағытталған. Студенттер бюджетті жоспарлау, шығыстарды бақылау, жинақ, несие, сақтандыру, инвестиция негіздері және қаржылық жоспарлау бойынша білім алады. Арнайы назар қаржылық шешімдер қабылдау, қаржылық сауаттылықты арттыру, цифрлық қаржы құралдары мен заманауи сервистерді қолдану арқылы жеке капиталдың тұрақтылығын, қауіпсіздігін және ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз етуге аударылады. |
2 | Инвестициялар және жеке капиталды басқару | Пәнінің мақсаты студенттерге инвестициялау және жеке қаржыны басқару саласында терең білім мен практикалық дағдылар қалыптастыру болып табылады. Студенттер қаржы құралдарын, тәуекел мен табыстылықты бағалау әдістерін, инвестициялық портфель құру және ұзақ мерзімді капитал өсімінің стратегияларын үйренеді. Арнайы назар негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға, цифрлық құралдар, қаржылық платформалар мен финтех шешімдерін тиімді пайдалану арқылы капиталды басқаруға аударылады. |
3 | Цифрлық қаржылық орта және финтех | Осы пәні қаржы саласындағы заманауи цифрлық технологияларды, оның ішінде онлайн-банкинг, төлем жүйелері, блокчейн және цифрлық валюталарды қамтиды. Курс финтех платформалары мен сервистерін қаржыны тиімді басқару үшін қолдану дағдыларын дамытады. Арнайы назар киберқауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауға аударылады. Студенттер цифрлық экономикада жұмыс істеу үшін инновациялық құралдарды пайдаланып, қаржылық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындалады. |