Шәкәрім университеті Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру орталығының үйлестірушісі Ерназ Ермекұлы Ермеков 8D07201 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатында Шәкәрім университеті жанындағы Диссертациялық кеңесте «Крахмал негізінде жаңа биоыдырайтын пленкалы материалдарды әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Әріптесімізді ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыс, жаңа жетістіктерін жүзеге асыруда сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!