Киберқауіпсіздік қадамдары

Абай облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Шәкәрім университетінің бірлесуімен студенттер арасында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-танымдық семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің талдау әзірлемелері бөлімі басшысының м.а. Марат Сеилханов, Жедел басқарманың аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Талғат Қуандықов қатысты.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың цифрлық ортадағы қауіпсіздік туралы түсінігін арттыру, алаяқтықтың заманауи түрлерінен сақтану жолдарын үйрету және құқықтық сауаттылықты дамыту.
Мамандар қазіргі таңда кең таралған интернет-алаяқтық түрлері, банктік карталарға шабуыл жасау әдістері, фишинг және әлеуметтік инженерия сияқты қауіп-қатерлерге тоқталып, нақты мысалдар келтіре отырып, студенттерге киберқауіпсіздікті сақтаудың негізгі қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, олар жеке мәліметтерді қорғау, бейтаныс сілтемелерге өтпеу, құпиясөздерді мықты және жиі ауыстырып отыру сынды маңызды кеңестермен бөлісті.
Марат Сеилханов 1 курс студенттерін биыл ҚР Қылмыстық Кодексіне 232-1 бабы енгізілгенінен құлағдар етіп, оған сәйкес банктік деректерді бөгде тұлғаларға беру қылмыстық құқықбұзушылық болып танылатынын, оған 3-7 жыл қылмыстық жаза қарастырылғанын жеткізді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында электрондық темекінің зияны жайлы да әңгіме қозғалды.