Новости 26.09.2025

Машина жасаушылар күні атап өтілді

Машина жасаушылар күні атап өтілді

Бүгін Шәкәрім университетінде «Білім мен тәжірибені біріктіре отырып, инженерлік әлеуетті арттыру» тақырыбы аясында Машина жасаушылар күні аталып өтті.

Мерекелік іс-шараға арнайы шақырылған қонақтардың қатарында «КазЭлектроМаш» ЖШС директорының орынбасары, «Қазақстан Машина жасаушылар одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің Абай облысындағы өңірлік өкілі Онищенко Александр Дмитриевич, сондай-ақ, «Семей Инжиниринг» АҚ, «СемАЗ» және «Семей машина жасау зауыты» АҚ өкілдері болды. Кездесу барысында кафедра мен өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастықтың маңызы кеңінен талқыланып, қонақтар машина жасау саласындағы жаңа бағыттармен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер мен оқытушылар үшін бұл іс-шара кәсіби даму мен білім алмасуға зор мүмкіндік сыйлады. Іс-шара соңында қонақтар Инжиниринг орталығын аралап, оның заманауи жабдықтарымен танысты.

Комментарии (0)

Оставить комментарий