пресс-служба Университета Шакарима04 июнь 2025шәкәрім университеті

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін Семей қаласындағы Орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты  іс-шара өтті. Оған қала жұртшылығы, түрлі мекеме қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен оқушылар жиналды. Шәкәрім университетінің студенттері мен оқытушылары да аталған жиынға белсенді түрде атсалысып, елдік рухты көтеруге өз үлестерін қосты.

 

Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын салтанатты түрде ортаға шығарумен басталды. Барлық қатысушылар бір кісідей орындарынан тұрып, еліміздің Әнұранын орындады. 

 

Ел рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шарада патриоттық әндер шырқалып, соңы велошеруге ұласты. 

 

Елдік пен еркіндіктің нышаны — Мемлекеттік рәміздеріміздің  қабылданғанына биыл 33 жыл толып отыр. Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба – азаттықтың айғағы, бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты.   Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған рәміздерімізді қастерлеу, оларға құрметпен қарау – әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қадірлеу және ұлттық сананы қалыптастырудың негізі. Бұл ертеңгі күні ел тізгінін ұстайтын өскелең ұрпақты отансүйгіштікке  тәрбиелеп, еліміздің көркеюіне үлес қосатын рухты азаматтар болып өсуіне ықпал ететіні анық.

 

Кто трудится только для себя, уподобляется скоту, набивающему брюхо. Достойный трудится для человечества.

Абай Құнанбайұлы