пресс-служба Университета Шакарима20 январь 2025спартакиада

СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Бүгін Shakarim University профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы  «Салауатты өмір салты» спартакиадасы бастау алды.

 

 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін спартакиадаға биылғы жылы университеттің Зерттеу және Жоғары мектептерінен он команда қатысып отыр. Олар футзал, волейбол, стритбол, үстел теннисі, шахмат, гір көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, садақ ату сияқты спорт түрлерінен бақ сынасады.

 

 

Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараны  университеттің аппарат басшысы Мақсат Кәрібаев ашып, әріптестеріне  сәттілік тіледі.

«Спорттың адам өмірінде алатын маңызы зор екенін бәріміз білеміз.  Жүйелі түрде спортпен айналысу адамның жалпы өмір сапасын арттырады, денесін шынықтырады. «Спорт – денсаулық кепілі» деп бекер айтылмаса керек. Спортпен тек спортшылар ғана айналысу керек деген қағида жоқ. «Шынықсаң – шымыр боласың» дегендей, дене жаттығуы қашанда денсаулығымызға пайдалы»- деген ол қатысушылардың белсенді түрде атсалысып, жеңіске жету жолында шеберліктерін көрсететіндігіне сенім білдірді.

 

 

Мұндай іс-шаралардың  университет қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға, ұжым арасында достық қарым-қатынасты арттыруға және командалық рухты дамытуға зор ықпал ететіні сөзсіз.