Студенттер жатақханаға орналасып жатыр

Шәкәрім университетінде жаңа оқу жылы басталар алдында студенттерді жатақханаға орналастыру жұмыстары басталды. Студенттерді жатақханамен қамту – жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасап, олардың әлеуметтік қорғалуына кепіл болатын маңызды қадамдардың бірі.
Студенттер үйіне орналасу үшін керекті құжаттар:
· жеке куәлік (түпнұсқа, көшірме – 2 дана);
· фото сурет 3х4 – 6 дана;
· іс қағазы (скоросшиватель бумажный) – 1 дана;
· файл – 2 дана;
· конверт – 1 дана;
· оқуы туралы анықтама (Платонустан алынады);
· 075/у медициналық анықтамасы және флюорография (көшірме);
· балалар үйінен анықтама (түпнұсқа), ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі анықтама немесе асыраушысы туралы анықтама (ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін);
· мүгедектік туралы анықтама (мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін);
Шетел азаматтары үшін:
· паспорт (түпнұсқа, көшірме – 2 дана);
· паспорттың қазақша аудармасы (көшірме – 1 дана);
· фото сурет 3х4 – 6 дана;
· іс қағазы – 1 дана;
· файл – 2 дана;
· конверт – 1 дана;
· оқуы туралы анықтама
Шәкәрім университетінде 2025 – 2026 оқу жылына студенттерді Студенттер үйлеріне орналастыру тәртібіне келсек, 25 – 28 тамыз аралығында I курсқа түскен жастар, 29 тамызда II, III, IV, V курс студенттері, әлеуметтік осал топтағы студенттер (ата – ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі) және шет елдерден келген студенттер орналастырылады.
«Серпін-2050» бағдарламасының II, III, IV курс студенттерін орналастыру тамыздың 30-31 жұлдызына жоспарланған. Ал 1 қыркүйектен бастап жатақханалардағы бос орындарға II, III, IV, V курс білім алушылары орналастырылады.
Студенттер үйінде тұрудың жылдық ақысы 140.000-160.000 теңге аралығында.
Колл-центр телефоны 8-747-997-00-42, дүйсенбі-жұма аралығында 09:00-18:00 дейін жұмыс істейді.