пресс-служба Университета Шакарима06 июль 2025домбыра

Ұлттың рухы - домбыра

Құрметті отандастар!

«Шәкәрім университеті» ұжымы атынан баршаңызды Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Домбыра — халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айнасы. Оның үні — ұлттың үні, тарихтың үні, ұрпақтар үндестігі. Бұл күн — тек музыкалық аспаптың ғана емес, ұлттың ұлы мұрасын дәріптейтін ерекше мереке.

 

Ұлы күйші бабалардан қалған асыл мұрамыз — домбыра әр шаңырақта жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа аманат болсын!

 

Домбыраның қоңыр үні әрдайым жүрегімізде жаңғырып тұрғай!