Новости 12.09.2025

Университеттер арасындағы серіктестіктің жаңа белесі

 Университеттер арасындағы серіктестіктің жаңа белесі

Shakarim University делегациясы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Toraighyrov University-ге арнайы іссапармен барып, өңірдегі білім ордалары арасындағы байланыстың жаңа деңгейге көтерілуіне тағы бір қадам жасады. Кездесулер барысында әр университеттің стратегиялық даму бағыттары, ғылыми зерттеулері және білім беру тәжірибелері кеңінен таныстырылды.

Арнайы делегация ғылыми зертханаларға экскурсия жасап, ортақ жобалар мен зерттеу бағыттары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру, бірлескен оқу курстары мен ғылыми жобаларды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Тараптар болашақта серіктестікті одан әрі нығайтып, ортақ бастамаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытты.

Шәкәрім университетінің өкілдері Toraighyrov University-де зертханалық база мен ғылыми жобаларға терең үңіліп, білім мен ғылымның жаңа биіктерін бағындыруға бағытталған бірқатар кездесулер ұйымдастырды. Әріптестік аясында академиялық ұтқырлық пен білім беру бағдарламаларын бірлесе дамыту мәселелері жан-жақты қаралды. Осылайша бірлескен жобалар арқылы ынтымақтастықты нығайтуға деген сенім мен дайындықтарын білдірді.

Сонымен қатар,  Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Археологиялық зерттеулер институтында тарих, археология және мәдени мұраны сақтау саласындағы жобалармен кеңінен танысты.

Шәкәрім университеті делегациясының көрші облыстағы жоғары оқу орындарына  сапары білім беру мен ғылымды дамыту жолындағы маңызды оқиға деуге болады. Ғылыми зертханалармен танысу, ортақ жобалар мен зерттеу бағыттары жөніндегі ақпарат алмасу, сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен бірлескен білім бағдарламаларын талқылау — бұл университеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне қадам басқанының айғағы.  

 

 

Комментарии (0)

Оставить комментарий