27 февраль 2022

“Ветеринариялық санитар” курсының барысы

«Ветеринариялық санитар» курсының барысы
 
➢ 2022 жылдың 23 ақпанынан «Агротехнопарк» ғылыми орталығының қызметкері Камиль Юрьевич Дербышев «Ветеринариялық санитар» курсын жүргізуде.
➢ Біліктілікті арттыру курсы 4 наурыз күні аяқталады.
➢ Курстан Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аймағынан (Семей, Курчатов қалалары, Тарбағатай және Алтай аудандары) ветеринарлық қызметкер өтуде.
➢ Университет базасында өткізілген теориялық бөлімде тыңдаушылар ветеринариялық құралдармен жұмыс істеу ережелері, қауіпсіздік техникасы, құралдарды зарарсыздандыру әдістері және дератизация әдістерінің ерекшеліктері мен жүргізу ережелері бойынша білімдерін жетілдірді.
➢ Тыңдаушылар алған білімдерін бекіту мақсатында «Агрофирма Приречное» ЖШС шаруа қожалығының аумағында дәрілік заттарды қолдануға дайындау, дезинфекциялау ерекшеліктері мен дезинфекциялау құралдарын дайындау бойынша тапсырмалар орындап, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіре түсті.
➢ Курстан толық өткен тыңдаушыға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.