- абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану мәселелері;
- әдеби өлкетану мен өңір тарихы;
- алаштану мәселелері;
- Абайдың ақындық мектебі;
- абайтану курсы және оқу-әдістемелік мәселелер;
- Абай – әлем тілдерінде.
Негізгі міндеттері:
- Абай, Шәкәрім шығармаларымен мәтінтанулық жұмыстар жүргізіп, академиялық басылымын ғылыми түсінігімен дайындауға үлес қосу;
- Абай шығармаларының өзге тілдерге аударылу жайы. Олардың сапалық деңгейі. Жарық көрген кітаптарға мониторинг жасау;
- жалпы орта білім беретін мектептің 5-11 сынып оқушыларына арналған абайтану оқулығын әзірлеу;
- мектеп оқушыларына, студенттерге абайтану курсы бойынша дәріс оқу;
- «Абайтану» біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыру;
- «Абайтану» клубын ұйымдастырып, жүйелі жүргізіп отыру.