14 март 2022

«Зейіні тұрақсыз балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында 18 сағаттық оқыту семинары өз жұмысын бастады.

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 14 наурызынан бастап «Зейіні тұрақсыз балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында 18 сағаттық оқыту семинары өз жұмысын бастады. Семинарға Алматы, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен ата-аналар қатысуда.

Семинар 2022 жылдың 19 наурызына дейін 3 негізгі бағыт бойынша онлайн және офлайн форматында өткізіледі:

1. Балалар психологиясы: сенсорлық-моторикалық даму және психотерапия;

2. Баланың назарын тұрақтандырудағы дефектологиялық, психологиялық бағыттың әдістері мен тәсілдері;

3. АВА-терапия: баланың қабылдауын жақсарту 

«Балалар психологиясы: сенсомоторлы даму және психотерапия» бағыты бойынша семинарды Семей қаласының сөйлеуді дамыту орталығының логопед-дефектологы Нурахметова Шолпан Аянгалиевна жүргізуде.

Семинар барысында сөйлеу бұзылыстары мен кеш сөйлеуді шешудің негізгі жолдары қарастырылып, дыбыстарды айтудың түзету әдістері игеріледі.