15 март 2022

«Зейіні тұрақсыз балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» оқыту семинарының 2-күні .

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында өтіп жатқан «Зейіні тұрақсыз балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» оқыту семинарының 2-күні балалар психологиясының теориялық және практикалық аспектілеріне арналды (сенсоримоторлы даму және психотерапия).
   Баланың одан әрі дамуының іргетасы, ананың рөлі және оның ресурстық жағдайы ретінде бала мен ата-ана қарым-қатынасы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар семинарға белсене қатысып, өмірлік баланс дөңгелегін талдады.
Өзінің ресурстық жағдайын анықтау мақсатында "Ресурстық әйел" техникасы қолданылды, ол адамдармен қарым-қатынаста үйлесімділік табу, өзара құрмет және өзара түсіністік орнатуға жәрдемдесетін техника болып табылады. Семинар онлайн және офлайн форматта өтуде.
«Балалар психологиясы: сенсомоторлы даму және психотерапия» тақырыбындағы семинарды Семей қаласының Alikhan Bokeihan Universityнің оқытушысы педагогика ғылымдарының магистрі Рахимжанова Назгуль Амантаевна өткізуде.