18 апрель 2022

«Ядролық медицина және онкология орталығы» базасындағы БА курсы аяқталды

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК базасында «Медициналық сызықтық үдеткіште сәулелік терапияның техникалық аспектілері» тақырыбында өткен 72 сағаттық  біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. 

Курс тыңдаушылары - Шығыс  Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Онкология және хирургия” орталығы ШЖҚ КМК қызметкерлері. Олар аппараттардың сапасына бақылау жүргізіп, иммобилизациялайтын құрылғыларды дұрыс пайдалана білу, сәулелік терапия әдістері және оны жүргізу кезіндегі жұмыстың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтау бойынша т.б. білімдерін тереңдетіп, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірді.

Курстың 36 сағаты онлайн, 36 сағаты офлайн режимде жүргізілді. 

Курсты толық тыңдаған тыңдаушылар арнайы сертификатқа ие болды.