11 май 2021

«ӘЛЕУМЕТТІК СТУДЕНТТІК КРЕДИТ» ЖОБАСЫ

Шәкәрім шаңырағына  ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілі келді.
Студенттерді әлеуметтік және қоғамдық пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасының авторы Ақжол Құрмансейітпен кездесу өтті.
Аталмыш жоба аясында ЖОО студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады. Мысалға, студенттерге 20 сағат қызметі үшін 20 мың теңге, 50 сағат қызметі үшін 50 мың теңгеге дейінгі сыйақы беріледі. Бір студент бір қаржылық жылда 70 сағат қана жұмыс істей алады. 
Кездесуге Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Мақсат Карибаев және Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай мен орталықтың мамандары қатысты.
Бұл жоба студенттерге жазғы кезеңде пайдалы іспен айналысып қана қоймай, табыс пен үлкен әлеуметтік тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай бағдарламаны жүзеге асыру жастар үшін, әсіресе өңірден келген білім алушылар үшін үлкен қолдау екенін атап өтті.
Айта кетейік, Семей қаласында «Әлеуметтік студенттік кредит» бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу алғашқы рет ұйымдастырылды.  Жобаға қатысу үшін  Qazvolunteer.kz  бірыңғай ғаламтор платформасында тіркелу керек.

Последние новости