31 май 2022

Жазғы мектептегі зертханалық сабақтар

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың жалпы білім беретін мектептері мен физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-10 сынып оқушыларына арналған Жазғы мектеп кешеден бері қызу жұмыс істеуде.

 

 
Сабақ барысында білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстар арқылы ұштай түсу мүмкіндігіне ие болуда. Мысалы, Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының базасында өткен «Химиялық талдау негіздері» бағыты бойынша оқушылар сандық химиялық талдау жасап, зат мөлшерін анықтайтын зертханалық тәжірибелермен танысуда.
 «Тамақ қауіпсіздігі» бағыты бойынша ет өнімдеріне органолептикалық талдау жасауды және олардың түрі, түсі, иісіне қарап сапасын анықтауды үйренуде.
Білім алушылар зертханаларда жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеріп, өз уақыттарын тиімді өткізгеніне сенімдіміз.