Университеттегі «Жазғы мектеп-2022» оқушылары бүгін Семей қаласының "KondiZ" ЖШС кондитерлік өнімдер шығаратын фабрикасына экскурсияға барды.
Қазіргі таңда бұл кондитерлік фабрика жұмысы өте қарқынды дамуда: жылына 19 мың тонна өнім шығарылады. Мұнда печенье мен крекердің 35 түрі өндіріліп, еліміз бен жақын шет елдерге экспортталады.
Оқушылар экскурсия барысында арнайы техника арқылы қамырдың иленуі, өнімнің жасалу пішіндері, жоғарғы температурадағы пештерде дайындалу процессімен жақын танысты. Өнімді дайындау, шығару үдерісі білім алушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырғаны байқалды.
Оқушылардың практикалық дағдыларын бекіту үшін өндіріс орындарына ұйымдастырылып жатқан мұндай экскурсиялар келесі аптада да жалғасатын болады.