23 август 2022

Кәсіби жарамдылықты анықтау емтиханы өтті


   Бүгін Шәкәрім университетінің Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында 6 айлық педагогикалық қайта  даярлау  курстарының 1-легіне құжат тапсырған 35 талапкер кәсіби жарамдылықты анықтау емтиханын тапсырды. 18 адам дәстүрлі форматта тапсырса, 17 талапкер онлайн форматта психологиялық диагностикадан сәтті өтті.
Емтихан қабылдаған педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, псих.ғ.к. Турсунгожинова Гульнар Сайлаухановна және аға оқытушы Адильжанова Құралай Советхановнаға алғыс білдіріміз.
Сонымен бірге педагогикалық емес, бірақ арнайы кәсіби білімі бар мамандарды педагог ретінде қайта даярлау курстарының 2-легіне құжат қабылдау 05.09.2022-31.10.2022 уақыт аралығында жүретінін еске саламыз!