Бүгін Шәкәрім университетінің ПОҚ-қа арналған «Кәсіби құзыреттілікті жетілдіру» тақырыбындағы Жазғы мектеп-2022 аясында 3 күндік қарқынды курс 6 бағыт бойынша өз жұмысын бастады.
Курстың мақсаты – университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие бағыттарында біліктіліктерін арттыру арқылы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, жаңа оқу жылына дайындық.
Күтілетін нәтиже:
Қатысушылар цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіреді;
Заманауи белсенді оқыту әдістерін игеру арқылы білім беру үрдісінің тиімділігін арттырады;
Дуальді оқыту ерекшеліктерін талдап, іс-тәжірибеде қолдануға дағдыланады;
Ғылыми жоба әзірлеу талаптарымен танысып, өздерінің ғылыми әлеуеттерін көтереді.
Оқыту мен тәрбиедегі заманауи жетістіктерді шығармашылықпен қолдану арқылы кәсіби тұрғыдан біліктіліктерін көтереді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен тереңірек танысады.
1-күні профессор-оқытушылық құрам «Силлабус әзірлеу: өзгерістер мен толықтырулар. Бақылау формасы» және «Цифрлық құзыреттілікті жетілдіру» тақырыбындағы семинарларға және психологиялық тренингке қатысты.