26 август 2022

«Өрлеу» курсы өз мәресіне жетті

Шәкәрім университетінің Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 22.08.-26.08.2022 уақыт аралығында «Оқытудың белсенді әдістері ЖОО оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту шарты ретінде» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. 40 сағаттық курсқа педагогикалық емес бағыттағы ВАФ, ИТФ және қаржы-экономика кафедрасынан барлығы 25 оқытушы қатысып, кәсіби құзыреттіліктерін әдістемелік тұрғыдан жетілдірді.
Курста қарастырылған тақырыптар:
Жоғары мектеп пен оқытудың белсенді әдістерін енгізудің теориялық және практикалық негіздері
Өзара оқытудың негізгі нысандары мен әдістері
Кері байланысты ұйымдастыру және бағалау
Жоғары мектептің оқу процесін ұйымдастырудағы технологиялық тәсілдер
Курс соңында тыңдаушылар шағын жобаларын қорғап, арнайы сертификаттарға ие болды.
Курстың куратор-тренері – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ШҚО бойынша КДИ әдіскері Нуркенова Сайран Ескендіровнаға сапалы да қызықты өткізген курсы үшін алғыс айтамыз.