09 сентябрь 2022

«Күміс университеттегі» тілдік курстар жалғасуда

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында егде жастағы белсенді адамдарға қолдау көрсету мақсатында ашылған «Күміс университет» бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. 

Солардың бірі – тілдік курстар.

 

Өткен оқу жылында қазақ тілі, ағылшын тілі мен түрік тілдерін үйренген белсенді тыңдаушылар жаңа оқу жылында сабақтарын ары қарай жалғастыруда.

 

Тілдік курстардың негізгі мақсаты – тыңдаушыларға күнделікті қолданылатын тілдік бірліктерді үйрету арқылы сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

 

Курстарды Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының мамандары Мубаракова Салиха Ержановна мен Амангелдина Айгерім Нұрланбекқызы жүргізеді.

 

Курстар аптасына екі рет, тегін, офлайн өткізіледі.

 

Тыңдаушылардың белсенділігі мен білімге деген құштарлығы жоғары. Оларға зор денсаулық пен сәттілік тілейміз!