17 сентябрь 2022

«QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары туралы

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12-16 қыркүйек аралығында «Майлы шикізат сапасын бақылау әдістері» бағдарламасы бойынша Семей қаласының «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтті.  

Курс офлайн және онлайн режимде, 36 сағат көлемінде жүргізілді. Курсқа аталған мекеменің 12 маманы қатысты.

Курстың мақсаты – майлы шикізаттың сақтау мәселесін, бақылау әдістерін сондай-ақ  өнеркәсіпте қолдану деңгейлерін анықтау.

Курс екі бағыт бойынша жүргізілуде:
1) Теориялық бағыт онлайн режимде өтті. Тыңдаушылар май өндірісінің негіздерімен, майлы шикізаттың негізгі түрлерімен (күнбағыс, рапс, зығыр), сондай-ақ оларды сақтау режимі және тәсілдерімен танысты. Сабақ барысында өсімдік майын өндірудің жалпы сызбасы берілді:   термоылғалды өңдеу, май алу, май өндірісінің қалдықтары мен астықтың табиғатын анықтау.
2) Практикалық бағытта курс тыңдаушылары "QAZAQ-ASTYQ GROUP" ЖШС базасында тұқымның ылғалдылығын, қаттылығын анықтау  тапсырмаларын орындады. Тыңдаушылар заманауи құралдарды пайдалану арқылы майлы шикізаттың сапасын, әдісін  бақылады.

Курс спикері – «Тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Смольникова Фарида Харисовна.

Курс соңында арнайы сертификат табыс етілді.