26 сентябрь 2022

Кемеңгер мерейтойын тойлаудың бір мазмұнды шарасы туралы

2022 жылдың 28 қыркүйегіне Шәкәрім университетінде қазақтың көрнекті жазушысы, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Мұхтар Әуезов және ұлт өркениеті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарланған.

Осы конференцияның іс-шаралар бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 25 мұғалімі үшін  «Абай мен М.Әуезов шығармаларын оқыту: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында 72 сағаттық онлайн курс 12.09.2022-23.09.2022 уақыт аралығында тегін ұйымдастырылды.
 
Курс мақсаты – әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда Абай мен М.Әуезов шығармаларының өзектілігін жаңаша пайымдау, бүгінгі күн талабына қарай оқытудың жолдары мен талдаудың түрлерін меңгерту.

Курсты Шәкәрім университетінің Абай, М.Әуезов шығармашылығын зерттеуде, оқытуда мол тәжірибесі мен тың ізденістері бар ғалым-оқытушылар жүргізді:
1. М. Әуезов және абайтану мәселелері. Лектор: PhD Аубакирова Қ.Ә.
2. Абайтанудың тарихы және бүгінгі жетістіктері. Лектор: ф.ғ.к. Қабышев Т.Б.
3. Цифрлық технология негізінде Абай шығармаларын оқыту. Лектор: PhD Иісбек Б.
4. Әуезов және әдебиеттану мәселелері. Лектор: ф.ғ.к., профессор Тоқсамбаева А.О.
5. Абай және М.Әуезов шығармаларын оқытудың әдіс-тәсілдері. Лектор: ф.ғ.к. Сабырбаева Р.Қ.

Курстан толық өткен тыңдаушыларға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.