02 январь 2023

Адамзатқа төнген қауіпті дерт

1 желтоқсан Бүкілдүниежүзілік СПИД - ке қарсы күрес күніне орай психологиялық қызмет орталығы тарапынан "Адамзатқа төнген қауіпті дерт" атты тақырыпты қозғауды жөн көрдік. Мақсаты:студенттерге темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру арқылы сыни ойлауды дамыта түсу. СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.
Ол кім? Бұл не айдары? Миф немесе Шындық, Спид-тан зардап шеккен ұлы тұлғалар т.б айдарлар болды. Студенттерге бұл тақырып өте қызықты, қажетті болғандығын іс-шараға қатысуға ынта білдірген адамдардан байқалды. Іс-шара өз мақсатына жетті.