"ДЕБРИФИНГ" СӨЗІ (АҒЫЛШ. DEBRIEFING) "ТАЛДАУ" ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕДІ. Аналитикалық дебрифинг, психологиялық зерттеулерде, дебрифинг психологиялық зерттеу аяқталғаннан кейін жүргізілетін зерттеуші мен экспериментке қатысушы арасындағы қысқаша әңгіме арқылы жүреді. Бұл формат әсіресе, деструктивті мінез-құлықты анықтауда, стресстік, психосоматикалық бұзылулар болғанда тиімді әдістердің бірі. Шәкәрім университетінің психологиялық қызмет орталығы жетекшісі профессор Ш.Сатиева да осы форматта дебрифингтік кездесу өткізді.
«Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда-қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Бұл дебрифингтік кездесу арқылы студенттер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлықты анықтау, алдын-алу жолдары анықтадық.
Студенттер өздерінің психоэмоционалды жағдайын анықтау құралдарын үйренді. Бұл формат та студенттерге танымды болды.