21 декабрь 2023

2023 жыл қорытындылары

https://shakarim.edu.kz//upload/editor/department/high_shool/video.mp4

  «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ жанындағы «Shakarim High Schoоl»  мектебі  жұмысын биылғы 2023-2024 оқу жылынан бастады. Мектепті ашуға негіз болған - мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашу туралы  тапсырмасы болатын.
 «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ жанындағы «Shakarim High Schoоl» мектебін ашуға лизенция алынды.
 6 сынып ашу үшін тамыз айынан бастап жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп дизайны мектептің миссиясы мен құндылықтарын құрастыру үрдісімен қатар жүрді. Мектептің дәлізінде мектептің миссиясы мен құндылықтары үш тілде берілген.   
 Мектептің пәндік кабинеттері толықтай жабдықталды. Оның ішінде химия, информатика, физика, биология, тарих және ағылшын тілі кабинеттері.
 Мектеп контингенті туралы айтатын болсақ, 2023-2024 оқу жылында оқыту 10 және 11 сыныптарға арналған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Оқыту 20-25 оқушыдан тұратын 6 сыныпқа есептелген, сыныптардың бағыты: IT және тілдік. Қыркүйек айында жалпы саны 144 оқушы қабылданды.
 4 – қазақ сыныбы, 2 – орыс сыныбы бар. 4 сынып жаратылыстану-математикалық бағытты таңдаса, 2 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім алуда.  
 144 оқушының 25 оқушысы ауылдық, аудандық мектептерден. 10-шы сыныптар бойынша қабылданған оқушылардың 11 оқушысы Алтын белгі үміткері болып келіп отыр. 
 Оқушыларды мектепке қабылдау тамыздың 1-нен 15-не дейін жалғасты, 2 аптаның ішінде 144 оқушы қабылданып, оқушылардың мәліметтері Ұлттық білім беру деректер қорына (НОБД) енгізіліп, Күнделік кз арқылы сабақ кестесі құрылды.
 Оқу процесін іске асыру үшін жұмысқа 30 қызметкер қабылданды. Сонымен бірге, университет ғалымдарын оқу үрдісіне тарту қарастырылған. 29 қызметкердің 5 мұғалімі Шәкәрім Университетінің магистр студенттері, 1 мұғалім – Университет оқытушысы. Оқушыларды Университетпен ұйымдастырылған түрік, кәріс, ағылшын тілі курсына тарту жұмысы жүргізілуде. 
 Кәсіби бағдарлау жұмысына келетін болсақ, кәсіби бағдарлау жұмысы қыркүйек айының бірінші аптасында басталып кетті. Әрбір сыныппен 2 реттен, ата-аналармен бөлек кездесу өткізіліп, шетелдік, ұлтық университеттер, Шәкәрім Университеті мен Назарбаев Университетіне түсудің талаптары түсіндірілді.
 Мектеп оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын ұйымдастыру жөнінде айтатын болсақ, ата-аналармен келісе отырып, Ustudy тестілеу орталығымен меморандумға қол қойылды. Келісім-шарт негізінде мектеп оқушылары  әрбір айдың 4-ші аптасында Тестілеу орталығына барып, сынақ тестілеуінен өтеді. Әрбір пән бойынша тестілеудің қорытындысы бойынша анализ жасалып, ата-аналарға түсіндіріледі және мектеп мұғалімдеріне беріледі.                
 Университетпен ұсынылатын ғылыми үйірмелерге оқушыларды тарту жұмыстары жүргізілді. Университеттің 28 ғылыми үйірмелерінің 9 ғылыми үйірмеге біздің оқушылар кірді.
 Қыркүйек айының екінші аптасында мектеп Президентіне сайлау ұйымдастырылды. Өзін-өзі басқару Президент көмекшісі Ұланбасыдан тұрады және алты түрлі бағыттардан тұрады: Руханият, Салауат, Экоэлем, Жеті-Жарғы, Отан және Пресс-центр. 
 Оқу жылы бастағалы, ата-аналар жиналысы екі рет өткізілді. Бірінші ата-аналар жиналысының форматы – ақпараттық, жеке сынып бойынша ұйымдастырылған, ситуацияларды талқылау мен әртүрлі активити форматында өтті. Екінші ата-аналар жиналысы екі кезеңнен тұрды. Бірінші 40 минутта сынып жетекшілерімен сынып ішінде жиналыс өткізілсе, 2-ші 40 минутта ата-аналар әрбір пән мұғалімімен кездесіп, әрбір бала бойынша жекеме кездесе алды. 
 Оқушылардың осы 5 ай ішінде алған жетістіктері де бар. 
• 4-ші Абай Республикадық пәндік олимпиадағға барлығы 57 оқушы қатысып, 16 оқушы 1-ші орын алып, екінші кезеңге өтіп отыр. 
• 4 ғылыми жоба қалалық деңгейде  қорғалып, жобаның 4-уі де 3-ші орынға ие болып отыр. 
• Баянбаева Амина 10 сыныптан – 5ші ділмар Республикалық шешендік өнер байқауына қатысып, сөз өнері номинациясымен марапатталды. 
• 25 қазан Республика күніне орай ұйымастырылған Ұшқын әдебиетшілер байқауында да Тоқтамысова Тоғжан белсенді қатысып, 10000 теңге ақшалай ұтысқа ие болды.
• 11В сынып оқушысы Нурахметов Ерасыл Азия кубогіне қатысып, 1 орын алып, ақшалай 176 000 теңге ұтысқа ие болды.
• Қазақстанның ядролық қоғамы ұйымдастырған «Что?Где?Когда?» зияткерлік ойынына 2 мектеп командамыз жарысып, 3-ші орынды иеленді. 
• Шәкәрім Университеті ұйымдастырған Шәкәрім Интернейшнл тілдік сайысқа 2 топ қатысып, 3 орынға ие болды. 
• 2 мұғаліміміз – қазақ тілі мен физика мұғалімдері  - Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министірінің алғыс хатын алып, марапаталды.
•11 оқушы қалалық пәндік олимпиададан география, химия, биология, физика, информатика пәндерінен 2,3 орынға ие болды.