19 февраль 2024

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ ҮШІН ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ ҰЛТЫ ҚАЗАҚ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА ОРЫС ТІЛІ КУРСЫ ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасының тілдер саясатын іске асыру мақсаты аясында 2023 жылдың қазан айынан бастап кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы және Абай облысының лингвистикалық орталығының ұйымдастыруы негізінде университеттің даярлық бөліміне келіп түскен Қазақстан Республикасының азаматы емес, ұлты қазақ тыңдаушыларға орыс тілінен тәлімгерлік курстар жалғасуда.