Білім алушылардың практика базаларын кеңейту мақсатында ББҮҰД Карьера және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы С.С. Саликжанова, «Тамақ өндірісі және биотехнология технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Ж. Х. Какимова, оқытушы Е. С. Жарыкбасовпен бірлесіп, 27.10.2021 жылы ШҚО, Ұлан ауданы, «Багратион Ұлан» ЖШС "ALMIR" брендімен өңір бойынша сүт өнімдерін өндіруші ірі кәсіпорындардың біріне іссапар ұйымдастырды.
Аталған кәсіпорын табиғи (консерванттарсыз) сүт өнімдерінің 100-ден астам түрін шығарады. Іссапар барысында 6В07202 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 6В07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), 6В05102 Биотехнология білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың кәсіби практикасын өту туралы шарттар жасалды.
«Багратион Ұлан» ЖШС басшысы Н. В. Варапайға, персоналмен жұмыс жөніндегі маман Р. Э. Мельниченкоға, өндіріс меңгерушісі Ф. Н. Злобинге, бас технолог Ф. Д. Құрманғалиеваға жылы қабылдап, білім алушылардың кәсіби практикасынан өту жағдайларымен және өндіріспен танысу мүмкіндігін ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, одан әрі жемісті ынтымақтастық пен болашақ түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында нәтижелі жұмыс жасауға сенім білдіреміз.