04 декабрь 2024

«Одержимость» фильмі кинотерапия сессиясы

Шәкәрім университетінің психологиялық қолдау қызметі студенттермен Руслан Берденовтің «Одержимость» атты деректі фильмін бірлесіп талқылауға арналған кинотерапия сессиясын өткізді. Бұл фильм көпшілікті толғандыратын өзекті әлеуметтік мәселелерді көтереді және олардың психологиялық аспектілерін тереңінен талдайды. Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі, Ш.Сатиева басқаратын бұл сессияда студенттер өз ойларын, сезімдерін және тәжірибелерін бөлісіп, фильмде көтерілген мәселелер туралы пікір алмасты. Сессияға қатысу арқылы студенттер өздерінің психологиялық денсаулығына назар аударып, қиын жағдайларды шешуге көмектесетін жаңа тәсілдерді үйренді.

Іс-шараның басты мақсаты:

  • Студенттердің психологиялық денсаулығына назар аудару
  • Өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылау
  • Көрермендердің эмоционалдық тәжірибесін бөлісу
  • Сауықтырушы коммуникацияны дамыту

Бұл кинотерапия сессиясы студенттер үшін пайдалы және қызықты болды деп сенеміз.