13 январь 2025

"Тіл үйрену кеш емес" Күміс Университеті

 

Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі.

 

                                    Мәшһүр Жүсіп!

 

Шәкәрім университетінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында 2021 жылдың екінші жартысынан бастап «Күміс университет» қызметі жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – «Өмір бойы оқу (үздіксіз білім беру)» тұжырымдамасы аясында зейнет жасындағы тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсарту және оларды формальді емес біліммен қамтуды арттыру.

Кез-келген тілді меңгерместен бұрын сол тілдің маңыздылығы мен пайдасын біліп алсаңыз, сол тілге деген қызығушылығыңыз артары сөзсіз.

Қазіргі заманға сай түрік тілін оқудын басты қағидасы:

  • Түрік мәдениеті мен тарихымен танысу.

   Түрік тілін білу адамдарға Түркияның бай мәдени мұрасы мен тарихына тереңірек үңілуге ​​мүмкіндік береді. Тілді түсіну түрік әдебиеті, музыкасы, киносы және өнері, әдет-ғұрыптары, дәстүрлері туралы түсінік.

  •   Сериалдарды түпнұсқада көру .

  Елімізде түрік сериалдары көш бастап тұрғаны анық. Түрік тіліндегі фильмдерді немесе сериалдардың аудармасын емес, түпнұсқада көргенге не жетсін. Сериалдардан алар әсеріңіз де біршама өзгеше болады. Осы орайда, Шәкәрім университеті «Күміс университеті» тыңдаушыларына 2025 жылдын 13 қаңтарынан турік тілі курсын бастады. Аталмыш курсқа дәріс беретін Турикпенова Айгүл Жұмановна PhD, шет тілдер кафедрасынын аға оқытушысы. Түрік тілі сияқты жаңа тілді үйрену есте сақтау қабілетін арттырып, когнитивті функцияларды дамытады. Бұған қоса, түрік тілін меңгеру өзіне деген сенімділікті арттырып, тұлғаның дамуына және өмір бойы білім алуға мотивация беріп, ынталандырады.

  «Өмір бойы білім алу» - бүгінгі заман талабы. Оны толыққанды жүзеге асыру қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер алып келеді.