09 ноябрь 2021

"Жеке тұлға апгрейді" атты тақырыпта интенсив тренинг өтті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "30 игі іс" акциясы барысында білім беру бағдарламаларының менеджерлерімен "Жеке тұлға апгрейді" атты тақырыпта интенсив тренинг өткізілді.

«Upgrade» - "жаңарту" ағылшын up ("жақсарту"), grade ("сапа") болып табылады яғни жеке тұлғаның сапасын жоғарлату туралы.

Тренингті Орталық басшысы, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Сатиева Шолпан Серікбосыновна жүргізді.

Адами капиталды құруда еңбек шығындары мен өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіру жөніндегі күш-жігер маңызды рөл атқарады деген ортақ тұжырымға келді.

Адами капитал - бұл адамдарға, адамға салынған қоғамның күрделі ресурстары; адамның өндіріске қатысу, құру, құндылықтар жасау мүмкіндіктері. Интенсивке қатысушылардың жасаған қорытындысы бойынша, бәсекелестік артықшылықтың негізгі көзі құқықтар мен бақылауға ие компания емес, жеке тұлғалар болып табылады.