05 март 2025

🌍 Upgrade: Жаңа ел – Жаңа сен! | академиялық ұтқырлық студенттеріне арналған тренинг

🌍 Upgrade: Жаңа ел – Жаңа сен! | ұтқырлық студенттеріне арналған тренинг 🚀

Shakarim University Психологиялық қолдау қызметі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерге арнап ”Upgrade: Жаңа ел – Жаңа сен!”тренингін өткізді!

📌 **Тренингтің мақсаты:**
✅ Студенттердің жаңа ортаға бейімделуін жеңілдету
✅ Эмоционалдық тұрақтылықты арттыру
✅ Өзін-өзі дамыту және мотивацияны күшейту
✅ Көпмәдениетті ортада қарым-қатынас дағдыларын жақсарту

✨ Тренинг барысында:
🔹 Оқу барысында кездесетін қиындықтар мен оларды еңсеру жолдары қарастырылды
🔹 Жаңа ортаға бейімделуге арналған психологиялық лайфхактар берілді
🔹 Өзін-өзі тануға бағытталған интерактивті жаттығулар жүргізілді
🔹 Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

💬 Қатысушылардың пікірлері:
💡 *”Тренингтен кейін өзімді сенімдірек сезіне бастадым!”*
💡 *”Жаңа ортаға бейімделу үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсіндім.”
💡 ”Өз эмоцияларын басқару мен позитивті ойлаудың маңыздылығын ұғындым!”